shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Өндіріс жолындағы тағы бір қадам

Өндіріс жолындағы тағы бір қадам

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Тау-кен металлургия колледжінде дуалды білім беру жүйесін дамыту аясында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы, колледждің әлеуметтік серіктесі — «Ремстрой» ЖШС және оқу орнының басшылығы қол қойды.Меморандум білім беру жүйесі мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты күшейтуге және еңбек нарығының нақты сұранысына сай білікті жұмысшы кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.Іс-шара аясында серіктес ұйым өкілдеріне колледждің слесарлық және өндірістік шеберханалары таныстырылды. Қонақтар студенттердің кәсіби дағдыларды меңгеріп, өндірісте қажет практикалық құзыреттерді игеріп жатқан оқу-өндірістік базамен танысты.Шараға Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Маржан Жауен және «Ремстрой» ЖШС директоры Николай Распопов қатысты. Кездесу барысында тараптар еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлаудың маңызын атап өтіп, бизнес пен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі арасындағы тығыз байланыстың қажеттілігіне тоқталды.Николай Распопов «Ремстрой» ЖШС жас әрі ынталы мамандарды жұмысқа тартуға мүдделі екенін айтып, колледж түлектеріне жұмыс орындарын ұсынуға дайын екенін жеткізді.Меморандумға қол қою — дуалды оқытуды дамыту және білім беру ұйымдары мен өңірдің өндірістік секторы арасындағы әріптестікті нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам.

12:24