shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында «Кәсіпкер әйел» бағдарламасын іске асыру аясында «Массаж ісі» курсының түлектеріне сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Жоба облыс әкімдігінің қолдауымен және Палатаның бастамасымен жүзеге асырылды.

Курс барысында 30-ға жуық қатысушы массаждың бірнеше түрін меңгерді: лимфодренажды, аппараттық, отты массаж және бетке арналған массаж. Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналардың сұранысына сәйкес логопедиялық массаж оқу бағдарламасына енгізілді.Сертификаттарды Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова мен курс коучы Гүлдана Аймағанбетова табыстады. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұндай жобалардың әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және өңір экономикасының өркендеуіне ықпал ететінін атап өтті.

10:00