shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

ҰЛЫТАУДА САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ТАЛАПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҰЛЫТАУДА САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ТАЛАПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ҚР Салық кодексінің 56-бабы 6-тармағына сәйкес «Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер» 493.00 нысанын ұсыну жөніндегі жаңа талап күшіне енді. Бұл норма сумен жабдықтау және су бұру, газ, электр және жылумен қамту, қалдықтарды жинау, лифт қызметі, сондай-ақ тасымалдау салаларында жұмыс істейтін кең ауқымды кәсіпорындарды қамтиды.

Осыған байланысты Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдері мен облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кездесудің негізгі мақсаты – жаңа есептілік нысанын толтыру және тапсыру тәртібін түсіндіру, сондай-ақ кәсіпкерлер көтерген өзекті мәселелерді талқылау болды.Іс-шара барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары 493.00 нысанын ұсыну тетіктерін жан-жақты түсіндіріп, есептілікті тапсыру мерзімдеріне ерекше тоқталды. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, салық заңнамасындағы жаңа талаптарды уақытылы әрі дұрыс орындаудың маңыздылығы атап өтілді.Сонымен қатар бизнес өкілдері бірқатар ұсыныстар мен ескертулерін білдірді. Олардың пікірінше, 493.00 нысанының қазіргі мазмұны негізінен ақпараттық-статистикалық сипатқа ие және салықтық әкімшілендіру міндеттерімен тікелей байланысты емес. Осыған байланысты кәсіпкерлер оны міндетті салық есептілігі қатарына енгізудің негізділігіне күмән келтіреді.Кездесу барысында көтерілген негізгі мәселелердің бірі – нысан талаптарының нақты бизнес-процестермен сәйкес келмеуі. Кәсіпкерлердің айтуынша, сұратылатын деректердің бір бөлігі кейбір нарық субъектілерінде мүлдем жоқ, бұл есептілікті дұрыс толтыруға қиындық туғызады.Бұдан бөлек, бизнес қауымдастығы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде, оның ішінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттар мен статистикалық есептілікте бұрыннан бар деректердің қайталанатынын атап өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірінше, мұндай қайталау тәжірибелік тұрғыда қосымша пайда бермей, керісінше кәсіпорындарға түсетін әкімшілік жүктемені арттырады.Талқылау қорытындысы бойынша 493.00 нысанын әкімшілендіру тәсілдерін қайта қарау қажеттігі жөнінде бизнестің ортақ ұстанымы қалыптасты. Кәсіпкерлердің ұсыныстары салық заңнамасын жетілдіру барысында ескеріледі деп күтілуде.Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы өз кезегінде бизнес мүдделерін қорғау және кәсіпкерлік қоғамдастық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.

09:55