shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВТЫҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНА ІС-САПАРЫ ӨҢІРДЕГІ ІРІ ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАУМЕН ЖАЛҒАСТЫ.

ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВТЫҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНА ІС-САПАРЫ ӨҢІРДЕГІ ІРІ ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАУМЕН ЖАЛҒАСТЫ.

Бұл бағыттағы алғашқы нысан – Жезқазған байыту фабрикасы болды

 Ұлытау облысындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның негізгі кәсіпорындарының бірі мыс кенін өңдеуге маманданған. Дәл осы жерде байыту процесі жүреді: өндірілген кен мыс концентратына айналып, кейін мыс балқыту зауытына жөнелтіледі. Сондай-ақ, фабрикада рений, күміс және алтын сияқты сирек металдар да өндіріледі. Биыл ЖБФ өз қызметінің 72 жылдығын атап өтуде. Қанат Шарлапаев кәсіпорынның жұмысымен танысып, кен флотациясы жүргізілетін цехты аралап, фабриканың өндірістік циклін бағамдады.

12:53