shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

СОҢҒЫ НЫСАН – «КАЗТЕХФИЛЬТР» ЖШС

СОҢҒЫ НЫСАН – «КАЗТЕХФИЛЬТР» ЖШС

Бұл кәсіпорын – Қазақстанда іштен жану қозғалтқыштарына арналған ауа, май және жанармай сүзгілерін шығаратын жалғыз өндіруші. 2011 жылдан бері нарықта келе жатқан зауыт импортты алмастыру бағытында стратегиялық маңызға ие.

 Кәсіпорынның басты көрсеткіштері:Өндірістік қуаты – жылына 100 000 дана сүзгі;Қазақстандағы фильтрлердің барлық түрін (картридждік және корпустық) шығаратын жалғыз зауыт;2025 жылы бюджетке 81 млн теңге салық төледі;Кәсіпорында 50 білікті маман еңбек етеді. Мемлекеттік қолдаудың (жеңілдетілген несие беру) арқасында кәсіпорын технологиялық процестерді үнемі жетілдіріп отыр. Күрделі сынақтардан өткен отандық сүзгілер бүгінде ішкі нарықта жоғары сұранысқа ие және техниканың сенімді қорғанысын қамтамасыз етеді.

12:52