Ұлттық палата басшысы Қанат Шарлапаев өңірдің ірі өнеркәсіп ошақтарымен қатар
Ұлттық палата басшысы Қанат Шарлапаев өңірдің ірі өнеркәсіп ошақтарымен қатар, ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды нысан – «KENGIR AGRO» өндірістік кооперативінің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Бұл жоба Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде «Ұлытау» ӘКК арқылы жеңілдікпен несиелендіру механизмімен іске асырылады. Кешеннің ерекшелігі – мұнда өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы біріктіріліп, тұйық өндіріс циклі қалыптасқан.
Жобаның негізгі көрсеткіштері:
— жылына 3 000 тонна картоп және 4 000 тонна жем-шөп (жоңышқа, судан шөбі) өндіріледі;
— күніне 5 000 литр сүт өндіретін 400 бас малды тауарлы-сүт фермасы;
— Инвестиция: жобаның жалпы құны – 1,1 млрд теңгеге жуық;
— Жұмыс орындары: ауыл жерінде 35 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Өндірілген өнімнің 100%-ы ішкі нарыққа бағытталады. Бұл Ұлытау облысын сапалы әрі қолжетімді жергілікті өніммен қамтамасыз етуге жол ашпақ.

