shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

«Атамекен» ҰКП басшысы Ұлытау өңіріне іс-сапарының ресми бөлімі облыс прокуроры кездесумен аяқталды

«Атамекен» ҰКП басшысы Ұлытау өңіріне іс-сапарының ресми бөлімі облыс прокуроры  кездесумен аяқталды

«Атамекен» ҰКП басшысы Қанат Шарлапаевтың Ұлытау өңіріне іс-сапарының ресми бөлімі облыс прокуроры Жасұлан Еламановпен кездесумен аяқталды. 

Бұл кездесуде билік пен бизнес арасындағы диалогтың заңдылық негіздері мен инвесторлардың құқықтық қауіпсіздігі мәселесі басты назарға алынды.

Тараптар «Прокурорлық сүзгі» бағдарламасының барысын және инвестициялық жобаларды қолдау мәселелерін талқылады.

Бүгінде прокуратура жанындағы Үйлестіру кеңесі бизнес пен құқық қорғау органдары арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз етіп отыр.

Өзара іс-қимылдың нәтижесінде:

— өңірдің интерактивті картасына 39 жоба енгізілді;

— инвестициялық жобалардың жалпы құны 972,3 млрд теңгеге жетті;

— 2025 жылы құқығы қорғалған бизнес өкілдерінің саны – 4 784;

— кәсіпкерлердің пайдасына өндірілген қаражат 476,5 млн теңгеден асты.

12:48