ҰЛЫТАУДЫҢ БИЗНЕС ӘЛЕУЕТІ: ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ ӨҢІРЛІК КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қанат Шарлапаев Ұлытау облысына іс-сапары аясында өңірлік бизнес мүддесін білдіретін маңызды құрылым – Өңірлік кеңес мүшелерімен жүздесті.
Жиын барысында мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті жерде іске асырылу сапасы талқыланып, өңірлік кәсіпкерлердің нақты ұсыныстары тыңдалды. Айта кетсек, Ұлытау облысында Өңірлік кеңес құрамына ірі, орта және шағын бизнес өкілдерінен 15 адам кіреді. Биыл Кеңес мүшелері жергілікті кәсіпкерлердің түйіткілді мәселелерін шешу мақсатында 3 отырыс өткізіп, бірқатар шешім қабылдады.


