МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ ТИІМДІ СЕРІКТЕСТІГІ – ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ
«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев Ұлытау облысына іс-сапармен барды. Сапар аясында Палата басшысы облыс әкімі Дастан Рыспековпен кездесті.
Тараптар облыстағы кәсіпкерлік ахуалды жақсарту, инвестициялық жобаларды қолдау және әкімшілік кедергілерді жою мәселелерін талқылады. Бұл кездесу өңірдегі бизнестің өзекті мәселелерін билік деңгейінде жедел шешуге мүмкіндік бермек.
