Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы массаж ісіне оқытуды жүргізуде
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында, «Кәсіпке бағыт» бағдарламасы аясында— «Массаж ісі» бағыты бойынша оқу курсы басталды. Жаңа білім беру бағдарламасы өңір тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырды — 25-тен астам қатысушы алғашқы сабақтарға қатысып, сұранысқа ие мамандықты игеруге кірісті.
Курс спикері — тәжірибелі маман, «BODYPRO» ЖК негізін қалаушы Гульдана Аймаганбетова. Ол көпжылдық тәжірибесі арқылы өзін жоғары деңгейлі кәсіби маман ретінде дәлелдеп, жинақтаған білімі мен практикалық дағдыларын курс қатысушыларымен бөлісуде.Бағдарлама теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Қатысушылар анатомия негіздерін меңгеріп, массаждың түрлі әдістерін үйренеді, сондай-ақ клиенттермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Практикаға басымдық берілуі тыңдаушыларға алғашқы кезеңнен бастап сенімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Оқыту кәсіпкерлік құзыреттерді дамытуға және өзін-өзі жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар алған білімдерін жеке даму мақсатында да, қызмет көрсету саласында өз ісін бастау үшін де тиімді пайдалана алады.Кәсіпкерлер палатасында мұндай білім беру бастамалары халықты жұмыспен қамтуды арттыруға және өңірдегі шағын бизнестің дамуына оң әсер ететінін атап өтті. Қолданбалы бағыттағы курстар бастаушы кәсіпкерлерді қолдаудың маңызды тетігіне айналып, өңір тұрғындарының кәсіби өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады.

