shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында құрылыс, көлік және логистика салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиында өңірдегі тұрғын үй құрылысының өзекті даму мәселелері талқыланды.

Отырысты ашқан кеңес төрағасы Қанат Кульмаганбетов өңірде тұрғын үй қорының өткір тапшылығы байқалып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, аймақтың қарқынды дамуына байланысты баспанаға деген сұраныс айтарлықтай артқан. Тұрғын үй тек азаматтар үшін ғана емес, сонымен қатар түрлі ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін кеңселер мен өндірістік және өзге де нысандарды орналастыру үшін заңды тұлғаларға да қажет.Жиынға қатысушылар бұл мәселені шешу мақсатында мемлекет тарапынан тұрғын үй құрылысын қолдауға және оның қолжетімділігін арттыруға бағытталған бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Аталған шаралар құрылыс саласын ынталандырып, өңірдің тұрақты дамуына серпін береді.Күн тәртібі аясында «Novella Reality» ЖШС құрылыс компаниясының өкілдері Кеңгір су қоймасының жағалауында салынып жатқан «Kengir» тұрғын үй кешенінің жобасын таныстырды. Заманауи сәулеттік шешімі мен қолайлы орналасуы бұл жобаға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.Аталған нысан бойынша «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігінің НУХ «Бәйтерек» АҚ-ның еншілес ұйымы ретінде Жезқазған қаласында алғаш рет алынғаны ерекше атап өтілді. Бұл кепілдіктің болуы жобаның сенімділігін арттырып, үлескерлердің мүдделерін қосымша қорғауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ сақтандыру жағдайлары туындаған күннің өзінде нысанның толық аяқталуына кепілдік береді.Отырыс қорытындысы бойынша кеңеске әкімшілік кедергілер туындаған жағдайда құрылыс салушыға жәрдем көрсету тапсырылды және «Kengir» ТК құрылысының тұжырымдамасын Жезқазған қаласының тұрғын үй қорын жаңартуға және Кеңгір су қоймасының жағалау аймағын дамытуға ықпал ететін жоба ретінде мақұлданды.Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар өңірде тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту, инвестицияларды тартуды күшейту және бизнес пен мемлекет арасындағы тиімді өзара іс-қимылды нығайту қажеттігін атап өтті.

07:15