shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: ҚОЛДАУ ТЕТІКТЕРІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: ҚОЛДАУ ТЕТІКТЕРІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті. Жиынға бизнес өкілдері, мемлекеттік құрылымдар және әлеуметтік жобаларды қолдау саласының сарапшылары қатысты.

Кездесу барысында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту мәселелері талқыланды. Отырыс аясында Жезқазған қаласындағы «Мансап орталығы» филиалының маманы, Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ өкілі Жұлдыз Кабанбаева әлеуметтік кәсіпкерлерге жұмыс орындарын субсидиялау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Сондай-ақ мемлекеттік қолдау тетіктері, бағдарламаларға қатысу шарттары және жұмыс берушілерге қойылатын талаптар кеңінен түсіндірілді.Бұдан бөлек, қатысушыларға кадрлық іс жүргізуді дұрыс ұйымдастыру жөнінде практикалық ұсынымдар берілді. Сарапшылар ұсынылатын мәліметтердің ашықтығы мен нақтылығы қаржыландыру алу мен мемлекеттік бағдарламаларға қатысудың негізгі шарттарының бірі екенін атап өтті.Жиында грант алу мүмкіндіктері де жан-жақты қарастырылды. Қатысушыларға өтінім беру тәртібі, іріктеу талаптары және құжаттарды рәсімдеу кезінде жиі кездесетін қателіктер түсіндірілді. Сонымен қатар кәсіпкерлерге гранттық қаржыны тарту мүмкіндігін арттыруға бағытталған нақты ұсынымдар берілді.Жиын қорытындысы бойынша мұндай кездесулердің тәжірибе алмасу және өзекті ақпарат алу үшін тиімді алаң екені атап өтілді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасып, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға және қоғам үшін маңызды бастамаларды қолдауға ықпал етпек.

08:18