shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Ұлытау облысында жалпыұлттық коалиция мүшелері марапатталды

Ұлытау облысында жалпыұлттық коалиция мүшелері марапатталды

Ұлытау облысында республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысқан «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Ұлытау облысындағы мүшелерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті.

Марапатталғандар қатарында Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Каженова, сондай-ақ Палатаның Сәтбаев қаласы, Жаңаарқа ауданы және Ұлытау ауданындағы филиалдарының директорлары — Аманбек Сүйлеменов, Бекболат Жарылғапов, Батырлан Таймағанбетов бар. Сонымен қатар, Өңірлік кеңес мүшелері, Палатаның салалық кеңестерінің төрағалары және өңір кәсіпкерлері — Турсынай Ибадатова, Николай Распопов, Гүлназ Омарова, Гульнара Загирова, Роза Рымбаева, Эльмира Ершуманова және баскалар марапатталды.Марапаттау салтанатына қатысқан барлық қатысушылар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаттарына ие болды.

12:53