shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Бизнес құқықтарын қорғау мәселелері

Бизнес құқықтарын қорғау мәселелері

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған Кеңестің отырысы өтті. Іс-шараға жергілікті кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ облыстық көлік прокуратурасының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында бизнес құқықтарын құқықтық қорғаудың өзекті мәселелері және кәсіпкерлер құқықтарының сақталуы қаралды. Қатысушылар кәсіпкерлердің өз қызметінде кездесетін кедергілерін, сондай-ақ оларды жою тетіктерін талқылады.Мемлекеттік және қадағалау органдарымен бизнестің өзара іс-қимылы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Облыстық көлік прокуратурасының прокуроры кәсіпкерлер мен құқық қорғау органдары арасында сындарлы диалог орнатудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, тараптардың белсенді ынтымақтастығы өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды шарты болып табылады.Кеңес отырысы аясында Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық көлік прокуратурасы арасында ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойылды. Құжат әріптестік қатынастарды нығайтуға және бизнес құқықтарын қорғау бағытындағы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған.Осындай кездесулерді өткізу жүйелі шешімдер қабылдауға және өңірде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

12:48