ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК» ЖӘНЕ «МЕНТОРЛЫҚ» КУРСТАРЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ СЕРТИФИКАТТАР ТАБ
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында «Әлеуметтік кәсіпкерлік» және «Менторлық» курстары түлектеріне дипломдарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Жоба Палатаның бастамасымен жүзеге асырылып, облыс әкімдігінің қолдауымен, «Кәсіпке бағыт» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылды.
Салтанатты шара барысында курс түлектерін Палата директоры Гүлмира Каженова мен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Серікболсын Сандыбаев құттықтады.Жалпы сертификаттарды 44 адам иеленді. Оның ішінде 18 қатысушы «Менторлық» курсын, ал 26 қатысушы «Әлеуметтік кәсіпкерлік» курсын тәмамдады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, алынған білім мен тәжірибе кәсіпкерлерге жаңа жобаларды жүзеге асыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді үлес қосуға мүмкіндік береді.









