ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК БОЙЫНША ОҚЫТУ АЯСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
Жаңаарқа ауданында «Әлеуметтік кәсіпкерлік» оқу курсын өткізу барысында қатысушылар үшін қосымша түрде кәсіпорындарға барып, тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.
Бұл әдіс ауыл әйелдерінің мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өз ісін ашуға деген қызығушылығын арттырып, кәсіпкерлікпен айналысу дағдыларын дамытуға ықпал етеді деген ойдамыз.Сонымен қатар, әр сабақтан кейін қатысушыларға жеке консультациялар жүргізіліп, олардың бизнес-идеяларын нақтылауына және жобаларын жетілдіруіне қолдау көрсетілді.


