ӘЙЕЛ ӘЛЕМІ - ЕЛ ТАҒДЫРЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІК
Астанада 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясы «AMANAT» партиясы әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Әйелдер әлемі — ел тағдырына жауапкершілік» атты ауқымды форум өткізді.
Форумның басты мақсаты — конституциялық реформаны қолдау, қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру және олардың Жаңа Қазақстанды дамытуға қосатын үлесін нығайту.


