ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА ТӘЛІМГЕРЛІК БОЙЫНША ОҚУ КУРСЫ ӨТТІ
Жаңаарқа ауданы кәсіпорындарындағы тәлімгерлер дуальды оқытуға дайындықты бастады.
2026 жылдың 26-27 ақпанында Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының кәсіпорындарынан 15 тәлімгер дуальды оқыту жүйесі бойынша оқытудан өтті. Оқыту семинары Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасының экономикалық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары, жаттықтырушы – мультипликатор Маржан Жәуеннің жетекшілігімен өтті.Семинар барысында тәлімгерлер педагогика мен психологияның негіздері, жұмыс орнында оқыту модельдері және дағдыларды беру әдістерін үйренді. Оқыту нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар беріліп, ҚР ҰКП жанындағы тәлімгерлер тізіліміне енгізілді.





