ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
26 Ақпан 2026Ұлытау облысының білім басқармасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері талқыланды2026 жылдың 26 ақпан күні Ұлытау облысының білім басқармасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» отырыс өтті. Отырысқа мектепке дейінгі білім беру секторының өкілдері, Ұлытау облысының мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру және тәрбие бөлімінің бас маманы, Ұлытау облысының экономика басқармасы және адами капиталды дамыту бөлімінің басшылары қатысты. Қатысушылар тарапынан инфляция деңгейі мен мемлекеттік белгіленген бағдар негізінде ата-ана жарнасын мөлшерін көтеру туралы ұсыныстар жасалынған болатын.Мектепке дейінгі білім беру секторының өкілдері ас мәзірінің калькуляциясын шығарып, қорғау жұмыстары да тыңғылықты жүзеге асырды.Ұлытау облысының әкімдігі “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері” қаулыны бекітті. Ұлытау облысы кәсіпкерлер Палатасы эксперттік қорытындысын беріп, бұл қаулы жобасымен келісті.Бұл отырыс мемлекеттік білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру мен балалардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету бағытында маңызды қадам болып табылады.



