ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ МЕН ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында өңдеу өнеркәсібі жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті. Жиынға Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мен өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер қатысты.
Күн тәртібінде Жаңа Конституция жобасын қолдау мәселелері, сондай-ақ өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі тақырыптары қаралды.Палатаның салалық даму бөлімінің басшысы Камшат Күнеділова кәсіпкерлерге Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, алда өтетін жалпыұлттық референдумға қатысудың маңыздылығын атап өтті.Ұлытау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы Асқар Бегенов және Мемлекеттік өрт бақылауы басқармасының басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Ермек Исмаилов «Азаматтық қорғау туралы» заңға енгізілген өзгерістер туралы баяндады.Кездесу барысында профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі мен жедел әрекет ету шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ талаптарды сақтамаған жағдайда өнеркәсіп субъектілеріне қатысты әкімшілік шаралар қолданылатыны айтылды.






