ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ БОЙЫНША САЛАЛЫҚ КЕҢЕС: ЖОСПАРЛАР АНЫҚТАЛДЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
2026 жылға арналған жұмыс жоспары мен біліктілікті тану орталықтарын ашу мәселелері кеңінен талқыланған қызмет көрсету саласы бойынша өңірлік кеңесінің кезекті жиналысы өтті.
Жиналыс басында кеңестің басшылық құрамын қайта сайлау қажеттілігі қаралып, мүшелердің дауыс беруі арқылы жаңа жетекшілер мен кіші комитет төрағасы сайланды. Кеңес төрайымы ретінде Гулжан Маликовна Табулганова, орынбасары ретінде Гүлім Төлегенқызы Аймағанбетова, білім қызметі бағыты бойынша кіші комитеттің төрағасы болып Ернар Сабитұлы Хасенов сайланды.
Жиналыста біліктілікті тану орталықтарын ашу мәселесі көтерілді. Экономикалық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Маржан Жәуен бұл бағытта аккредиттелген орталықтар арқылы біліктілікті тексеру жүйесін енгізуқажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар,кәсіпорындар біліктілікті тану орталықтарын ашуға құқылы екендігі айтылды.2026 жылға арналған жұмыс жоспарының негізгі бағыттары талқыланып, нақты мерзімдер мен тапсырмалар бойынша жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.
Кеңес мүшесі Г.Аймағанбетова «Даму Бала»және «Арт Спорт» бағдарламаларыныңқаржыландыру мәселесін қозғап, ваучерлікмеханизм мен қаржыландыру моделі бойыншатүсініксіз жағдайлар бар екенін мәлімдеді.Қабылданған шешімдер бойынша, 2026 жылғаарналған жұмыс жоспарын нақты мерзімдер ментапсырмалар бойынша жүзеге асырылуынқадағалау, 2026 жылға дейін екі біліктілікті тануорталығы ашу және қаржыландырудыңмерзімдері мен механизмін нақтылаумақсатында тиісті мемлекеттік органдарменкеліссөздер жүргізілетін болады.



