Туризмді дамыту мен жергілікті өндірушілерді қолдау
Жезқазған әуежайында дәстүрлі қазақ киіз үйі форматында ерекше этно-киіз үй ашылды. Жобаға Ұлытау облысы әкімдігі және «Ұлытау» АҚ СПК белсенді қолдау көрсетті.
Киіз үйде жергілікті шеберлер, «Бір ауыл, бір өнім» байқауының қатысушылары және әлеуметтік кәсіпкерлер жасаған этникалық өнімдер мен ұлттық стильдегі қолөнер бұйымдары ұсынылған.Жобаның қатысушысы, әлеуметтік кәсіпкер және «Дара жүрек» қоғамдық қорының негізін қалаушы Толқын Балқыбаева атап өткендей, ашылу шарасына орай өз бұйымдарын ерекше балалар да жасап шыққан. Бұл балалар «Дара жүрек» орталығында білім алуда.Жоба әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, жергілікті шеберлерді қолдауға және «Ұлытау облысы» брендіне танымалдық беруге бағытталған.Этно-киіз үй жергілікті сувенирлерді сатудың жаңа нүктесіне айналып, өңірдің мәдени және туристік орталығы болмақ.






