Туризмді дамыту мақсатындағы ынтымақтастық
Туризмді дамыту аясында Ұлытау ауданы Кәсіпкерлер палатасының филиалы, Ұлттық парк өкілдері және кәсіпкерлердің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге Ұлытау ауданының кәсіпкерлер палатасының директоры Сүлейменов А. кәсіпкерлермен бірге қатысты.Жиын барысында Ұлттық парк аумағындағы резервте тұрған жер учаскелерінде экологиялық туризмді дамыту, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды (жол, санитарлық нысандар, демалыс орындары және т.б.) қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Кәсіпкерлер, аудан әкімдігі және парк қызметкерлері өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, аталған бағыттағы алдағы жұмыстарды бірлесіп жүзеге асыру тетіктерін қарастырды.



