КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН САЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ
Ұлытау облысында республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының директоры, салық кеңесшісі, Қазақстан кәсіпкерлері мен бухгалтерлер қауымдастығының президенті Дмитрий Казанцевтің қатысуымен өңір кәсіпкерлеріне арналған салық форумы өтті.
Кездесу барысында спикер жаңа Салық заңнамасы аясында отандық бизнесті қандай өзгерістер күтіп тұрғанын түсіндірді. Қаржылық есептілікке қойылатын жаңа мемлекеттік талаптарға сәйкес кірістер туралы декларацияны дайындау және толтыру бойынша қадамдық басшылықпен жалпыға бірдей белгіленген режим бойынша, оңайлатылған режим бойынша, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін өзгерістер түсіндірілді. Кездесу бизнестің барлық түрлеріне, бухгалтерлерге және ұйым басшыларына арналды. Қаржылық реттеудегі тұрақты өзгерістер жағдайында кәсіпкерлерді уақтылы хабардар ету бизнеске қаржылық сауатты болуға мүмкіндік береді және салық заңнамасының бұзылуының алдын алады. Кездесу соңында кәсіпкерлер «Салықтар туралы қарапайым тілмен» Қазақстан бойынша жыл сайын өткізілетін ірі турдың авторы Дмитрий Казанцевке маңызды және құнды білімдері үшін алғыс білдірді.








