shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

​Ұлытау облысында туризм саласын дамыту тұжырымдамасының жобасы талқыланды

​Ұлытау облысында туризм саласын дамыту тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында өңірдің туристік саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралған туризм жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті.Отырысқа «Ұлытау» ӘКК» АҚ өкілдері және туризм саласында қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлер қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында туризм бағытын несиелендіру тетіктерін талқылады. Туризм саласында жобаларды жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, отырыста Туризм жөніндегі жол картасын іске асыру аясында «Ұлытау» ӘКК» АҚ тарапынан 2026–2030 жылдарға арналған Ұлытау облысында туризм саласын дамыту тұжырымдамасының жобасы таныстырылып, талқыланды.Құжат туристік маршруттарды кешенді дамытуға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.Талқылау қорытындысы бойынша салалық кеңес мүшелері тұжырымдама жобасына қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, туризм саласындағы кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.

09:21