ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ӨНДІРІСТІ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты,«Ақ жол» Демократиялық партиясының Төрағасы, Азат Перуашев жұмыс сапары аясында отандық сүзгілер өндіретін «Казтехфильтр» ЖШС зауытына барды. Сапар барысында депутат өндіріс процесімен танысты.
Кәсіпорын директоры Дмитрий Иванченковпен кездесу тараптар зауыттың даму перспективаларын, отандық өндірушілер тізіліміне ену, өндіріс көлемін ұлғайту және өткізу нарығын кеңейту мәселелерін талқылады.Кәсіпорын басшысының айтуынша, қазіргі уақытта зауыттың өндірістік жүктемесі небәрі 50 пайызды құрайды, алайда кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеуге мүмкіндікке ие. Алайда отандық компаниялармен жүргізіліп жатқан келіссөздер әзірге нәтиже бермей отыр. Тапсырыстар мен келісімшарттардың болмауына байланысты көптеген компаниялар отандық өнімнің орнына Қытай, Ресей және басқа да елдердің өндірушілерін таңдауда.Өз кезегінде Азат Перуашев жергілікті өндірушілерді қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, қазақстандық мазмұн үлесін арттыру мәселесі Мәжілістегі фракция деңгейінде көтерілетінін мәлімдеді.





