МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Ұлытау облысында Мәжіліс депутаты жергілікті кәсіпорынның жұмысымен таныстыҚазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі кәсіпкерлік нысандардың қызметімен танысты.
Сапар аясында ол «Ютария LTD» ЖШС ПИК тігін фабрикасына барды.Кәсіпорын директоры Тұрсынай Ибадатованың айтуынша, фабрика нарықта 20 жылдан астам уақыт бойы тұрақты жұмыс істеп келеді. Бүгінде кәсіпорын Жезқазған, Қарағанды және Астана қалаларында тігін және трикотаж өнімдерін өндірумен айналысады.Инвестициялық жоба аясында өндіріс орны заманауи тігін, пішу және кестелеу жұмыстарын атқаратын автоматтандырылған жабдықтармен толық жабдықталған. Жобаға салынған инвестиция көлемі 200 млн теңгені құрайды. Компания өнімдері ТМД елдерімен қатар шетел нарықтарына да экспортталады. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев өндіріс процесімен танысып, кәсіпорын қызметі барысында туындап отырған өзекті мәселелерге назар аударды.







