shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау мәселелері

Әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау мәселелері

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында әлеуметтік кәсіпкерлердің салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға қатысты негізгі мәселелер талқыланды.

Отырыс барысында өңірде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары, сондай-ақолардың қызметін жүргізу үшін жеңілдетілген шарттармен ғимараттар мен үй-жайлар ұсыну мәселелері қаралды. Әлеуметтік бизнесті дамытуға қолайлы жағдай қалыптастырумен оның инфрақұрылымын кеңейтуге ерекше назар аударылды.Отырысқа шақырылған қонақтар қатарында «Ұлытау» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ержан Жолдасов және «Ұлытау» ӘКК» АҚ Құрылыс жобаларын іске асыру департаментінің бас менеджері Нұртілеу Бахытбекұлы болды. ӘКК өкілдері бұрынғы трикотаж фабрикасы ғимаратын қайта жаңғыртуға бағытталған жаңа жобаның іске асырылу барысы туралы баяндады. Жоба аясында әлеуметтік кәсіпкерлердің кабинеттерді жеңілдетілген шарттармен жалға алу мүмкіндігіқ арастырылғаны айтылды.Отырыстың қорытындысында салалық кеңестің өткен жылдағы жұмысы қорытындыланып, қол жеткізілген негізгі нәтижелер мен алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды. Сондай-ақ 2026 жылға арналған әлеуметтік кәсіпкерлердің салалық кеңесінің жаңа төрағасы сайланды. Дауыс беру нәтижесі бойынша бұл қызметке «Mama rada» зияткерлік даму академиясының негізін қалаушы Жұлдыз Рахимбекова көпшілік дауыспен сайланды.Жиынға қатысушылар қолдау тетіктерін одан әрі дамыту Ұлытау облысында әлеуметтік кәсіпкерліктің нығаюына және тұрақты дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.

13:37