Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық акциясы
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігінің салааралық кеңесінің мүшелері Маруы Кулышевa атындағы орталықтың тәрбиеленушілеріне арналған жаңа жылдық қайырымдылық акциясын өткізді.
Аталған бастаманы Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігінің салааралық кеңесінің мүшесі, бизнес-коуч әрі «GZ» білім беру орталығының негізін қалаушы Гүлнара Загирова көтерді.Іс-шара аясында балалар үшін спорттық жарыстар, мерекелік эстафеталар мен түрлі көңілді сайыстар ұйымдастырылды.— Мен салауатты өмір салтын ұстанамын. Балаларға даму жолында мотивация беріп, спортқа деген қызығушылықты қалыптастыруды мақсат еттім, — деді Гүлнара Загирова.Қайырымдылық шарасына өңірдің өзге де іскер әйелдері белсене қатысып, әрқайсысы ортақ игі іске өз үлестерін қосты. Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде балалар үшін шынайы қуаныш сыйлаған, жарқын әрі есте қаларлық мереке ұйымдастырылды.Іс-шара соңында қонақтар орталықтың қызметімен танысып, оның негізін қалаушы Маруы Кулышеваның музейін аралады.











