shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

​Мейірімге толы жаңа жылдық шырша: «Кенгір» профилакторийіндегі балаларға арналған мереке

​Мейірімге толы жаңа жылдық шырша: «Кенгір» профилакторийіндегі балаларға арналған мереке

Жаңа жыл қарсаңында «Кенгір» профилакторийінде қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға — Маруы Кулышева атындағы Жезқазған балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік шырша ұйымдастырылды.

Мерекенің бастамашысы әрі ұйымдастырушысы Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі басқармасының мүшесі, «Кенгір» профилакторийінің директоры Марал Жараспаева болды.Балалар үшін нағыз мерекелік бағдарлама әзірленді. Оларды көңілді сайыстар, танымдық викториналар, әсерлі билер және, әрине, мерекенің басты кейіпкерлері — Аяз ата мен Ақшақармен кездесу күтіп тұрды. Қуаныш пен күлкіге толы атмосфера залды баурап алып, балалардың шынайы күлкісі ұйымдастырушылар үшін ең үлкен марапатқа айналды.Мерекеге келген әрбір бала жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар қонақтар үшін мерекелік дастархан жайылып, балалар бір-бірімен еркін араласып, отбасылық жылу мен қамқорлықты сезінді.— Біз ата-анасының жылуы мен қамқорлығынан айырылған балаларға мерекелік көңіл күй сыйлауды мақсат еттік. Жаңа жыл қарсаңында олардың әрқайсысы қолдау мен назарды сезініп, ғажайыпқа сенсе дейміз. Егер балаларды бақытты ете алсақ, онда бүкіл ұжымның еңбегі зая кетпегені. Сондай-ақ осы игі іске қолдау көрсеткен отбасымa алғыс айтып, баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын, — деді мереке ұйымдастырушысы, Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі басқармасының мүшесі Марал Жараспаева.Мұндай игі бастамалар балаларға қуаныш пен мерекелік көңіл күй сыйлап қана қоймай, қолдауға ерекше мұқтаж жандарға жанашырлық танытудың, қамқорлық пен мейірімнің маңыздылығын еске салады.

18:28