shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

"ӨНЕРДІҢ ЖАҚҚАН АЛАУЫН, МАҚТАНЫШТАРЫ ҚАЛАНЫҢ!"

"ӨНЕРДІҢ ЖАҚҚАН АЛАУЫН, МАҚТАНЫШТАРЫ  ҚАЛАНЫҢ!"

Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайына енсеңіз, енді   сізді алдан өнер, мәдениет, әдебиет саласындағы қалаға, аймаққа, тіптіреспубликаға танымал тұлғалардың портреттері қарсы алатын болады.

Шынболат Ділдебаев,Жақсыкелді Сейілов және т.б. тарландар бастаған шоғырдың соңынан ерген  өнерлі жас  өрендердің де суреттері осында. Фотокөрменіңашылуы салтанатына қала әкімінің орынбасары Айгүл Қосманқызы Төлендина қатысып,сөз сөйледі.

— Біздің қаламызданшыққан, осында еңбек еткен өнер адамдарын құрметтеу мақсатында  атқарылған игілікті іске шынайы ризашылығымдыбілдіремін. "Өнердің жаққан алауын, Мақтаныштары қаланың" деген  атауының өзі қандай жарасымды. Мұнда суреттері ілінген жандардың кейбірі арамызда жоқ, бірақ, олардың қалдырғанмұрасы  бүгінгі ұрпаққа рухани азықболуда. Сондай -ақ, алдыңғы толқынның соңынан ерген жастарды құрметтеу деолардың таланттарын шыңдап, қанаттарын қомдауға оң әсерін тигізетіні анық- дедіол құттықтау лебізінде.

Фотокөрменің ашылуышағын концертке ұласты.

Бұл фотокөрме жақындап қалған  Қала  күні мерекесіне тамаша тарту болғаны сөзсіз.

10:30