СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРУ – БӘРІМІЗГЕ МІНДЕТ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРУ – БӘРІМІЗГЕ МІНДЕТ
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзектімәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен біргеөсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлергетамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырғаны белгілі. Бұл кесел дамушыелдердегідей біздің мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
Жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын,болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күнніңкүрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақтыөсіп – өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтыңқұқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудыңмаңызы зор. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады» деген нақыл сөз қай саладаболмасын еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шынында да,адал қызмет етіп, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне иебола аламыз. Қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе ол сыбайласжемқорлық. Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да,атқарылып жатырған түрлі жұмыстар да баршылық, дегенмен бұл мәселе әлі толықшешімін тапқан жоқ. Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралыақпараттарды дұрыс жеткізу, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетініңқалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне жәнеорындауына көметесудің алғы шарттарының бірі болып саналады. Сыбайлас жемқорлықәрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі — ол азаматтардың арыз-шағымы.Біздің Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде азаматтардың арыз –шағымдарына дер кезінде, уақытылы және сапалы түрде жауаптары қайтарылыпотырылады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды насихаттаумақсатында, ғимарат ішінде екі тілде сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабарландырумен жадынамалар, сенім телефондары туралы және әдеп жөніндегі уәкілдердіңбайланыс көрсетілген ақпараттары орналастырылған. Мемлекеттік қызметшілердіңсыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бойалдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің,әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттікқызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігініңжетіспеушілігі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуінесептігін тигізуде. Сондай-ақ кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайласжемқорлыққа қарсы заң талапарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі дежемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Адалдық бар жерде сыбайлас жемқорлықбелең алмайды. «Жемқорлық-індет, онымен күресу-міндет» қағидатын баршаныңсанасына сіңіру бүкіл мемлекеттік қызметкерлердің ортақ жұмысы болуға тиіс.
Әділбек ЕСҚАРАЕВ,
Ұлытау облысы бойыншаҚазынашылық департаментінің басшысы.
