shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында іскерлік келіссөздер жүргізу өнері бойынша оқыту өтті

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында іскерлік келіссөздер жүргізу өнері бойынша оқыту өтті

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында менторлық бағдарлама аясында кәсіпкерлерге арналған «Іскерлік әлемде келіссөздер жүргізу өнері» тақырыбында оқыту шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — өңір кәсіпкерлеріне тиімді келіссөз жүргізу әдістерін үйрету, серіктестермен, инвесторлармен және клиенттермен өзара сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектесу, сондай-ақ стратегиялық ойлау мен дәлелдеу қабілеттерін дамыту.

Тренинг интерактивті форматта өтті. Қатысушыларға табысты келіссөздердің негізгі аспектілері таныстырылды: дайындық кезеңі, тараптардың мүдделерін анықтау, эмоцияларды басқару, диалог жүргізу техникасы және «win-win» шешімдерге қол жеткізу әдістері.

— Ұлытау облысында менторлық бағдарлама қарқынды дамып келеді. Бұл бастама тәжірибелі сарапшылар мен жаңа бастаған кәсіпкерлерді біріктіріп, өңірдегі іскерлік ахуалды нығайтуға бағытталған, — деді ментор Орынкүл Сәдуақасова.

Іс-шара барысында нақты бизнес жағдайларға негізделген практикалық кейстерге ерекше назар аударылды. Кәсіпкерлер әріптестерінің қателіктері мен жетістіктерін талдап қана қоймай, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды.

— Кәсіпкерлер үшін келіссөздерді сауатты жүргізе білу — аса маңызды. Бүгінгі тренинг бізге ірі серіктестермен тиімді диалог орнату және өзара тиімді шарттарға қол жеткізу жолдарын жақсырақ түсінуге көмектесті. Мұндай іс-шаралар өңірдегі ШОБ-ты қолдау және дамыту бағдарламасы аясында тұрақты түрде өткізіледі, — деп бөлісті кәсіпкер әйелдер. 

15:45