Ұлытау облысында өңірдің жетекші кәсіпорындарының тәлімгерлеріне арналған оқыту курсы өтті
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен дуальді оқыту жүйесіне қатысатын өңірдің жетекші кәсіпорындарының тәлімгерлеріне арналған оқыту курсын ұйымдастырды. Курстың тақырыбы: «Тәлімгерлік мектебі. Жұмыс орнында оқыту педагогикасы. Мамандарды – тәлімгерлерді аттестаттау». Спикер ретінде тренер-мультипликатор Қарлығаш Оспанова сөз сөйледі.
Оқытуға келесі кәсіпорындардың өкілдері қатысты: «Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Жезқазған мұнай құбыры басқармасы, «САС Kazakhstan» ЖШС, «Tranco-Express» ЖШС.
Іс-шараның мақсаты — өндірістегі тиімді тәлімгерлік жүйесін дамыту, жас мамандардың кәсіби бағдарлануына, жұмыс ортасына сәтті бейімделуіне ықпал ету, сондай-ақ дуальді білім беру аясында оқу орындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы өзара байланысты нығайту және жұмысшы мамандықтарын жастар арасында насихаттау.