Ұлытау облысында болашақ визажистерге арналған жаңа курс
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы визаж өнері бойынша оқыту курсын іске қосты!
Курстың коучы ретінде елордада да тәжірибесі бар, көп жылдық жұмыс өтілі бар кәсіби визажист — Алтынай Батырбек шақырылды.
Курсқа қатысушылар макияждың негізгі және кәсіби дағдыларын ғана емес, сонымен қатар жеке бренд қалыптастыру мен сұлулық индустриясында жеке іс бастауға қажетті білімдерді меңгеруде.
Жобаның мақсаты — өңірдегі әйелдер арасында өзін-өзі жұмыспен қамтуды қолдау және шағын бизнесті дамыту.
Жаңалықтарды жіберіп алмаңыздар — жуырда алғашқы тыңдаушылардың жетістіктерімен бөлісеміз!