shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері "Таза Қазақстан" акциясына қатысты

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері "Таза Қазақстан" акциясына қатысты

Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері қаланың экологиясын жақсарту және абаттандыру мақсатында өткізілген жалпыоблыстық сенбілікке белсене қатысты.

Сенбіліктің өткізілу орны ретінде облыс тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі – су қоймасының жағалауы таңдалды. Палата ұжымы бірлескен күшпен жағалауды қоқыс пен ластанудан тазартып, бірнеше қап қоқыс жинады. Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженованың айтуынша, бұл акцияның мақсаты — тек аумақты тазарту ғана емес, сонымен қатар халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.

09:27