shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Жол бойындағы сервисті дамыту мәселелері Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында талқыланды

Жол бойындағы сервисті дамыту мәселелері Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында талқыланды

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында өңірлік туризм салалық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста өңірдегі жол бойындағы сервисті дамыту мәселелері қаралды.

Жиынға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері, туризм саласында жұмыс істейтін жергілікті кәсіпкерлер қатысты. Кеңестің күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:– туризм мен жол бойындағы сервис саласындағы кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары;– сервис нысандарын орналастыру үшін жер телімдерін беру тәртібі;– нысандарды инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздік деңгейін арттыру;– «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тарапынан несиелеу мен кепілдік беру мәселелері бойынша консультациялар.«ҚазАвтоЖол» АҚ филиалы директорының орынбасары Ертай Тайжанов жол инфрақұрылымының қазіргі жағдайы және оны дамыту перспективалары жөнінде толық ақпарат ұсынды. Сондай-ақ ол жер телімдерін беру және нысандарды желілерге қосу мәселелері бойынша түсініктеме берді.Өз кезегінде кәсіпкерлер бизнес жүргізу барысында кездесетін бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді.Отырыс қорытындысы бойынша туындаған мәселелерді шешуге бағытталған практикалық ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді. Қатысушылар туризм мен жол бойындағы сервисті дамытуға қолайлы жағдай жасау мақсатында тұрақты кездесулер өткізуге және бірлесіп жұмыс істеуге мүдделілік танытты. 

14:09