Кәсіпкерлер атынан алғыс
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында жақсы жаңалықтар бар. Кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу және дамыту бөлімі бойынша І санатты сарапшы Дарын Төлеубек мемлекеттік қолдау шараларын алуға көрсеткен көмегі үшін «Молдашев» ЖК атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Білікті көмек пен сүйемелдеу нәтижесінде біздің ұйым агроөнеркәсіптік кешен мен туризм саласындағы субсидияларды сәтті алды. Сізге және Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жұмыстарыңызда табыс, амандық және бизнесті қолдау ісінде жаңа жетістіктер тілейміз», – делінген алғыс хатта.