shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры Тау-кен металлургия колледжін

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры Тау-кен металлургия колледжін

Ұлытау облысының өнеркәсіп кәсіпорындары үшін жұмысшы мамандарының ұстаханасы,  70 жыл тарихы бар  Тау-кен металлургиялық колледжінде БАҚ өкілдері үшін арнайы «Кәсіпке жол» атты пресс-тур ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуымен, колледждің оқу-өндірістік базасымен, сондай-ақ жастарға ұсынылып отырған жұмысшы мамандықтар мен жаңа мүмкіндіктермен таныстыру. Биылғы Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында пресс-тур барысында журналистер колледждің заманауи оқу кабинеттерін, өндірістік шеберханаларын, зертханаларын аралап көрді. Әсіресе, слесарлық ісі, токарлық ісі, металлургия және дәнекерлеу ісі сияқты мамандықтарға арналған арнайы жабдықталған оқу орындары ерекше қызығушылық тудырды. Сондай-ақ, пресс-тур аясында студенттердің кәсіби дайындық деңгейін көрсететін шағын шеберлік сабақтары өтті. Жастар өздерінің тәжірибелік машықтарын көрсетіп, қонақтарға өндірістік процестің кейбір қыр-сырын таныстырды.Колледждің директорының м.а. Оразбаев Жандос Ибрагимович: колледж еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлауда дейді. Осы мақсатта дуальды оқыту жүйесін енгізіп, аймақтағы ірі кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатып отыр. Жалпы оқу орнында 7 жұмысшы мамандық дайындайды: «Түсті металдар металлургиясы», «Дәнекерлеу ісі», «Токарлық іс», «Жүк көтергіш машианалар мен транспортерлер», «Автомобиль көлігіне техникалық  қызмет  көрсету, жөндеу  және пайдалану», «Электр жабдықтары», «Слесарлық іс»Колледж студенттері Ұлытау облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «WorldSkills Ulytau -2025» өңірлік чемпионатында  «Дәнекерлеу ісі», «Токарлық іс» құзыреттіліктері  бойынша  1, 2, 3  дәрежелі дипломдармен марапатталды.Қазіргі таңда жалпы студент саны — 295.Колледжде өндірістік тәжірибені өткізу үшін: токарлық шеберханасы, дәнекерлеу шеберханасы, слесарлық шеберханасы, электр жөндеу шеберханасы,  шиномонтажка, автослесарлық зертхана, түсті металдар металлургия зертханасы,  токарлық зертханалар бар.Студенттерге барлық жағдай жасалынған: заманауи асхана, жатақханада күрделі жөндеуден  өткен.Колледж оқытушылары мен студенттері қазіргі таңда Ұлытау облысының «Атамекен» КП және бірқатар өндірістік мекемелермен бірлесіп, атап айтқанда «Қазахмыс корпорациясы»,«Жезқазған байыту фабрикасы» ЖШС, «Құю-механикалық зауыты» ЖШС, «Жезқазған мыс қорыту зауыты» ЖШС,  «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ дуальды оқыту бағдарламасы бойынша жұмыс істеп келе жатқанын ерекше атап өтті. Бұл жүйе студенттерге теорияны практикамен ұштастырып, оқу бітірген соң бірден еңбекке араласуға мүмкіндік береді.

11:28