shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

​МЕЦЕНАТТАР ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ

​МЕЦЕНАТТАР ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ

Тұрғын үй мәселесіқай кезде де өзекті. «Үйі жоқтың күйі жоқ» дегендей, қаншама отбасы үшінбаспана басты мұңға айналғалы қашан?! Дей тұрғанмен, қайырымды азаматтардыңарқасында қоныс тойын тойлағандар қатары арта түсуде. Қаламыздағы «Мейірімшуағы» меценаттар клубы осымен үшінші отбасына пәтер сыйлады.

– Бүгінтағы бір отбасын қуанттық. Бұл біздің команда үшін үлкен қуаныш. Негізгімақсатымыз – ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға барынша көмек беру.Көпбалалы ана Айнұр Жүнісова бізден көмек сұраған болатын. Батыр ананың тілегінМарғұлан Молдашов, Абай Байділдаев есімді кәсіпкерлерге жеткіздік. Өтініш жердеқалмады, азаматтар жомарттық танытты. Нәтижесінде Айнұр Жүнісова Шаталюк көшесі22 мекен-жайда орналасқан, күрделі жөндеуден өткен тұрғын үйден 3 бөлмеліпәтерге қол жеткізді.

Әрқашанбір-бірімізге демеу болайық. Сонда ғана бірлігімізді көрсете аламыз. Қоныс тойқұтты болсын! – деген клуб төрайымы Меруерт Бақбергенова шаңырақ иесінқұттықтап, қуанышына ортақтасты.Айта кетейік 3 бөлмелі пәтер «Самға» ЖШС директоры Абай Байділдаев және жекекәсіпкер Марғұлан Молдашовтың бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесіндеберіліп отыр. Бірнеше жыл баспана тауқыметін тартып, пәтер жалдап күнелткенкөпбалалы ана арманының орындалғанына дән риза.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.Сурет автордікі.

15:07