shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

​ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ АУРУХАНАДАҒЫ АХУАЛМЕН ТАНЫСТЫ

​ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ АУРУХАНАДАҒЫ АХУАЛМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасы ПарламентМәжілісінің депутаты Арман Қожахметов өткен аптада аймағымызда жұмыс сапарыменболып қайтты. Жұма күні қала әкімдігінде жиын өткізіп, артынша Көпбейіндіаурухана мен Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің жатақханасыбазасында ұйымдастырылған провизорлық, инфекциялық орталықтардың жұмысыментанысып, «Медициналық орталық» ЖШС-ға да бас сұқты.

Естеріңіздеболса шілденің басынан бері Жезқазғанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен пневмонияға шалдыққандар саны күрт көбейіп, науқастар арасындағыөлім-жітімге байланысты медицина мекемелері біраз сынға ұшыраған еді. Мәжілісдепутатына есеп берген қала басшылығы бүгінде жағдайдың біршама тұрақталғанын,науқастар саны да азайған баяндады.

Жағдайды өзкөзімен көріп, білмек болған Мәжіліс депутаты әкімдіктен соң бірден көпбейіндіауруханаға ат басын бұрды.  

Депутатқажалпы жағдай жөнінде аурухана басшысы Орал Мазитов баяндады. Айтуынша, шілденіңорта тұсында жағдай күрт қиындап, екі аптаға жетер-жетпес мерзімде осы жерде350 орындық провизорлық бөлімше жасақтауға тура келген. Ауруханада 317 адамжатқан, бір күнде 80 науқас түскен кездер де болыпты. Аурухананың материалдықбазасы да күннен күнге нығайып келе жатқан көрінеді.

-                    «Қазақмыс»коропорациясы 60, денсаулық сақтау басқармасы 20 концентратор табыстаған.Кәсіпкерлер мен еріктілер тарапынан да көмек көрсетілген. Облыстық денсаулықсақтау басқармасы 3 жасанды тыныс алу аппаратын әперген. Тағы он осындай аппарат келеді, — дедіаурухана бас дәрігері.

Осы реттеМәжіліс депутаты А. Қожахметов «Көктемде, елде Төтенше жағдай жарияланып,алғашқы аурулар тіркеле бастағанда қандай дайындық жасадыңдар?» деп сұрақтытөтесінен қойды.

Денсаулықсақтау басқармасының Жезқазған аймағы бойынша өкілдігінің басшысы Ләззат Рановаә дегенде Сәтбаев қаласындағы туберкулезге қарсы диспансер базасында 80 орындықпровизор, Сәтбаев қаласының орталық ауруханасынан 30 орын, барлығы 110 орындық провизордайындалғанын, ауру жұқтырғандар саны күрт артқан шақта бұл орындардыңжеткіліксіз болып қалғанын алға тартты. Сөйтіп, қысқа мерзім ішіндеЖезқазғаннан 350 орындық провизорлық орталық ашылғанын жеткізді. Дегенмен,маман, дәрі-дәрмек мәселесі дер кезінде шешілген. Реаниматолог мамандар ауруасқынбай тұрғанда-ақ Қарағандыға арнайы оқу курстарына жіберіліп, бір ай бойыоқытылған.

АрманТөлешұлы сонымен бірге өлім-жітімнің күрт көбейіп кету себебін де сұрады.О.Мазитов бұл ретте қайтыс болған науқастардың 70 пайызы 65 жастан асқанкісілер болғанын, сонымен бірге, басқа да сырқаттары бар кісілердің ауыржағдайда түсуі себеп болғанын айтады.

Аураханада8 705 793 75 24 және 87102 77 52 02 телефон нөмірлері арқылы қызмет көрсететінжедел желі (Call Center) қызмет көрсетеді. Осы телефондар арқылы кез келгенадам өзінің науқас танысының жағдайын біле алады. Жансақтау бөлімінде нашаржатқандар болмаса, науқастардың қалта телефондары қолында, өздері де үй ішіменсөйлесуіне шектеу қойылмаған. Call Center жұмысына Жезқзаған жоғары медициналықколледжінің қызметкерлері тартылған. Аурухана басшысының кабинетінде отырыпАрман Төлешұлы өзі де жедел желіге телефон шалып, сынап көрді.

Депутатаурухананың бірнеше бөлімшесінде орналасқан инфекциялық, провизорлық бөлімшелердеболды. Реанимация бөліміне де бас сұқты.

-                    Мұнда қазір барлығы 109 науқас жатыр. Оныңішінде 29 науқас – инфекция бөлімінде, 7 науқас – жансақтау бөлімінде. Қалғаны– провизорлық бөлімше пациенттері. Жансақтауда жатқан жетеудің екеуі өкпеніжасанды желдету аппаратына қосылған. Аурухана мен медициналық персонал қажеттіжабдықпен, қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген, — дейді аурухана басшысы.

Депутат сондай-ақ, «Медициналық орталық»ЖШС-да да болып, орталық басшысы В. Моторыкинмен де аймақтағы ахуал жайлыпікірлесті. Көпбейінді аурухана коронавирус пен пневмонияға қарсы күрескежұмылдырылуына байланысты, бұл орталық қазір жезқазғандықтарға шұғылмедициналық көмек көрсетуде. Көпбейінді аурухананың біраз дәрігері қазір осындажұмыс істеп жатыр.

Мәжіліс депутаты сонымен бірге,Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті жатақханасында орналасқанинфекциялық стационарда да болды. 250 орындық госпиталь 8 шілдеден бастап жұмысістеп тұр. Содан бері 170 адам осында жатып, емделіп шыққан. Депутатбарған күні орталықта 24науқас жатты.Барлығының жағдайы жақсы. Науқас санының азаюына байланысты 2 дәрігер қызмететуде. Жалпы осыған дейін мұнда барлығы 54 медицина қызметкері жұмылдырылған екен.

-                    Бұл орталыққа негізінен провизорлықауруханадан коронавирус инфекциясы анықталған, жағдайы орташа немесе жеңілнауқастар жатқызылады. Ауыр науқастар көпбейінді ауруханада ем алады. ЖезУжатақханасынан ашылған инфекциялық орталық меморандумға сай 24 тамызға дейінжұмыс істейді деп жоспарланған. Соңғы екі аптада науқастанушылар саны азайыпжатқаны байқалып отыр. Алдағы апталардағы жағдайға байланысты біржақты шешімқабылданады, — дейді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы Жезқазғанаймақтық өкілдігінің басшысы Л. Ранова.

АрманТөлешұлы ауруханалардан соң қаладағы бірнеше дәріханаға соғып, дәріханақызметкерлерімен де пікірлесті.

Депутаттың жұмыссапары ертең Сәтбаев қаласы мен Ұлытау ауданында жалғасады.

PS. Қазіроблыс, қала басшылығы індет күз айларында қайта қоза қалғанда қарап отырмаудыңқамына кіріскен. Көпбейінді аурахана аумағында орналасқан ғимараттың бірінинфекциялық блок ретінде жасақтау туралы шешім қабылданған. Сондай-ақ,ауруханаға екінші компьютерлік томография қойылады. Ол провизорлық-инфекциялықорталықтан бөлек, жалпы жұртшылыққа қызмет көрсететін болады. Сонымен бірге,облыс басшылығының шешімімен тамызда 200 орындық инфекциялық аурухананыңқұрылысы басталып, күздің соңына дейін пайдалануға берілетін болыпты. Құрылысорны қаланың батыс бөлігінде, «Медициналық орталық» ЖШС маңынан белгіленген.

14:50