Жаңа салық заңнамасының Ұлытау облысындағы түсіндірмесі
Ұлытау облысының кәсіпкерлері үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» жаңа салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіруге арналған семинар ұйымдастырды. Семинар барысында қатысушылар шағын және орта бизнесті қамтитын салық заңнамасындағы негізгі өзгерістерді тереңірек түсінді.
Талқыланған мәселелер:
– Дифференциалды салық ставкалары
– Прогрессивті жеке табыс салығы ставкалары
— ҚҚС реформасы
— «Байлық салығын» енгізу
— Салықтық арнайы режимдер мен аванстық төлемдерді өзгерту.Шағын және орта бизнеспен кездесу тек пайдалы ақпараттың көзі ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнестің алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылау алаңы болды. Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара әрекеттестік өңір экономикасының табысты дамуы үшін манызды фактор болып табылады.
Түсіндірмелерді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төраға орынбасары Нуржанов Жаныбек Маулютбекович, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдістеме департаментінің директоры Абдрахманов Ораз Аманович жүргізді. Іс-шараның модераторы Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гульмира Каженова болды.