ЖЕЗҚАЗҒАНДЫҚТАР ГАЗ ЖАҒАТЫН КҮН ЖАҚЫН
«Nur Otan» партиясы Жезқазған қалалық филиалыныңмониторинг тобы «Сарыарқа» магистральды газ құбырынан Жезқазған қаласына газтарату желілерінің құрылысымен танысты.
Құрамында «Nur Otan» партиясыСаяси кеңесінің мүшесі, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты БекзатАлтынбеков, «Nur Otan» партиясы Жезқазған қалалық филиалы төрағасының Біріншіорынбасары Сәкен Смағұлов, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері АқансеріСүлейменов, Абай Бағчай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдықкеңес мүшесі Дархан Мұхан бар мониторинг топ мүшелері газ желілері тартылған Талапауылы мен Жезқазған қаласы Пристанционный елді-мекенінде болды.
Елбасының бес әлеуметтікбастамасы аясында Қызылордадан Нұр-Сұлтан қаласына тартылған «Сарыарқа»магистральды газ құбыры бойынан Жезқазған аймағын газбен қамту мақсатындаавтоматты газ тарату стансасы (АГТС) салынғаны белгілі. Бүгінде бұл стансаныңжұмысын «Интергаз Орталық Азия» АҚ Жезқазған желілік-өндірістік басқармасықамтамасыз етеді. Басқарма бұл стансадан бөлек магистарлды газ құбырыныңҚызылорда облысы шекарасы мен Жәйрем елді мекеніне дейінгі аралығындағыбөлігіне де қызмет көрсетеді.
- Қазір стансадағыбарлық қондырғылар қалаға газ жіберуге дайын. Барлық тексерулер өтті. Қалағатартылып жатқан құбырлар толық аяқталып, дайын болғанда біз газ жібереміз. Қазірмагистральды құбырдан газ келіп тұр. Бұл АГТС-те табиғи газды тазалау, жылыту,қысымды түсіру, есептеу, одаризациялау процесі жүреді. Мұның барлығын бізтексеріп, дайындап қойдық, — дейді «Интергаз Орталық Азия» АҚ Жезқазғанжелілік-өндірістік басқармасының басшысы Алдияр Абшекенов.
Стансада штат бойынша барлығы 19 адам істейді. Жұмыс негізінен вахтаәдісімен ұйымдастырылады. Тұрақты 6 адам жұмыс істейді, оның ішінде 4 операторжергілікті тұрғын. Вахтамен істейтіндерге Талап ауылынан бір үй жалға алынып,тұрмыстық жағдай жасалған.
Естеріңізде болса, АГТС-тенТалап ауылы мен Жезқазған қаласына газ құбырын тарту былтыр басталған болатын.Бұл 4 қосылу кезеңінен тұратын ауқымды жобаның бірінші сатысы еді. Былтырмердігер компания «Әлия-Сервис» ЖШС бірінші кезеңнің бірінші кезегіне сай газтарату стансасынан Жезқазғанға кіреберіске дейін және Талап ауылына газ құбырынтартты. Сондай-ақ, Талап ауылындағы 154 үйдің алдына газ жеткізілген болатын.Биыл вокзал маңындағы 286 үйге газ құбыры тартылды. Жоба жұмысына төменгі,орташа, жоғары қысымдағы газ желілерін тарту, газ тарату пунктерін, әрабонентке есептеу құралдарын орнату кіреді.
Бүгінде мердігер компаниятартылған құбырларды ауа қысымымен сынап болып, құбыр бойына белгілер орнатып,көшелердегі газ тарату пунктерінің айналасын абаттандырып жатыр.
- Мына жұмыстарқыркүйекке дейін толық аяқталады. 15 тамыздан бастап қызмет көрсетуші мекеме келіп, жұмысынбастайды. Жылу беру маусымына дейін тұрғындар қызмет көрсетуші мекемедентехникалық шартты алып, газ жаға алады, — дейді қала әкімінің орынбасары ҚайратБапанов.
Енді Жезқазғанда «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының қызмет көрсетуші филиалы құрылып, тұрғындар сол мекемеменкелісім шарт негізінде үйіне газ қоса алады.
- Бұл – шыны керекешкімнің ойына келмеген жағдай. Жезқазғанға газ келеді деген үш ұйықтасақтүсімізге кірмейтін еді. Елбасының бастамасымен магистральды құбыр тартылып,көгілдір отынның игілігін көргелі отырмыз. Бұл экология мәселесін шешіп қанақоймай, тұрғындар мен бизнеске де қолайлы жағдай туғызады, — дейді Қарағандыоблыстық мәслихатының депутаты Бекзат Алтынбеков.
Келесі жылы бірінші қосылукезеңінің екінші кезегіне сай Геология елді мекеніндегі үйлерге газ тартылатынболады.