ҰЛЫТАУ ПЕТРОГЛИФТЕРІ
Ұлытау өңірінде сыры бүгіліп, тарихы тереңде жатқан ескерткіштер жетіп артылады. Олар қасиеттітау-тастарымыздың беттеріне қашалып, өткен өмір тарихы бейнеленіп салынған санмыңдаған таңбалар. Атап айтсақ,
Теректі,Байқоңыр, Тасөткел, Зыңғыртау және т.б. құпияға толы тарихи орындар. Осы таңбалы тастар қазіргі кезде табиғаттыңқұбылыстарынан жойылып кетуге шақ тұр.«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің қызметкерлері кейінгіжылдары арнайы барлау экспедицияларын ұйымдастырып, тұрған жерлерін анықтап, кәсібифотографтар суретке түсіріп келеді.
Теректі-Әулиемен көптеген аңыздар байланысты, Жезқазғанқаласынан шығысқа қарай 80 шақырым жерде, Теректі теміржол станциясынан 20шақырым жерде гранитті қарымның ұшар басында орналасқан. Суреттер ежелгіадамдардың көшпелі өмірінің көрінісі болып табылады, аң аулауға, жабайы аңдарғаарналған, ертедегі адамның санасында Көк тәңірге, күн мен айға, басқа датабиғат құбылыстарға табыну басым болған.
Петроглифтерде мифологиялық сюжеттер, діни-нанымдар, әдет-ғұрып сахналары —«Көкке табыну», «Құрбандық шалу салты», «Көк Тәңірге жол тарту» көрністербейнеленген. Сондықтан да қажылыққа барып тауап етушілер, және сондай-ақмистиканы әр түрлі жақтаушылары бұл жерде жиі болатын қонақтар.
Теректі петроглифтеріне жылсайын көптеген туристер, зиярат етушілер ағылып келіп жатады. Музейдіңұйымдастыруымен 2011-2013 жылдары ол жерге абаттандыру жұмыстары жүргізіліп,ескерткішке біршама көңіл бөлінген. Біз үшін ол қуанарлық жағдай. Ал басқапетроглифтерді бірі білсе, бірі біле бермейді. Жартас гравюраларының үлкен тобыБайқоңыр ауылан 20 шақырым жерде Бұланты өзенінің жартастағы жағалауындаорналасқан. Көптеген жануарлар суреттерінен, аңшылық сахнасынан тұратын ондағанметр жерге созылған петроглифтердің ішіңде біреуі жетілген түйелі керуен дебейнеленген. Петроглифтердің көп бөлігі қазіргі уақытта адамның аяғы жетеалмайтын шығуға келмейтін қиын биік тік тастарда салынған. Ертедегі суретшілераттардың керемет сымбаты мен мінезін бере алған. Сарыарқаның кеңістігіндегіпетроглифтердегі ат суреттері ширақ қимылға толы.
Бұл жердің табиғаты көрген адамға көзтартарлық ерекше әсер береді. Өзеннің оң жағында биік таңбалы тастар болса, солжағында қырлы белестер. Осы тастар мен қырларды бойлап, хош иісті шайшөп(чабрец) дәрілік өсімдігі өсуде. Ал өзенінің суы кермек болғанымен, ауылғағажап көрініс беріп тұр. Археолог В.А.Новоженовтың «Петроглифы Сарыарки» еңбегінде жазып көрсеткендей,Байқоңыр өзені солтустік-батыстан оңтустік-шығысқа қарай ағып жатыр, жалпыұзындығы 65км шамасында. Жаз уақыттарында суы тартылып, сайларға жиналғансулардан кішкене көлшіктер пайда болады. Өзеннің бойынан Ұлы жібек жолы керуеніжүріп өткен және осы жерден шөлдеп келген керуеншілер су ішіп дем алған.
Жер асты суларының мол қоры мен ұланғайыр жайылымды жердің болуы аумақтықжәне экономикалық жағынан Ұлытау көшпелі малшыларға ұзақ уақыт тұрақты қонысболған.
Жартастағы суреттерден ертедегі темірқорытушылардың, көшпелікеруеншілердің, малшылардың өмірінен деректер беретін сызбаларды көруге болады.Түйелі керуендер мен салт аттылар топтары бейнеленген петроглифтердің сюжеттеріқазақтардың Желмая жайлы көне аңызымен үндеседі. Қола дәуірінің петроглифтерідіни нанымдарды, аңшылық сахналарын, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық сюжеттердібейнеледі.
Суретшілер нүктелі әдіспен қашап,бояу, сызу арқылы көшпелі тұрмысты, шабандоздарды, жабайы аңдардың бейнелерін —құлан, барс, бұқа-тұр, қасқыр, жабайы жылқы тағы басқаларды анықтап көрсеткен.Жануарлар жанды қимыл үстінде көрсетілген. Ертедегі шеберлер қос өркештітүйенің тәкаппар келбетін, тұлпарлардың сымдай сымбатын, бұғы мен киіктіңәсемдігін, барыстың серіппеше атылуға әзір тұлғасын көрсете алған.
Тастарды алғаш рет 1914 жылыН.С.Воронец Бетпақдаланың пайдалы қазба зерттеу жұмыстарына қатысып, олардыңбірнеше тастарын анықтау үшін, 1916 жылдың желтоқсанында Москва қаласындағыМемлекеттік тарихи мұражайдың профессоры В.А.Городцовқа жібереді. Ал геологМ.М.Пригоровский су ағысының төменгі жағынан таңбалы тастардың топтамасынтауып, 1916жылы күзде В.А.Городцовқа төрт суреті мен сипаттамаларын жібереді.Осыдан кейін Городцов 1926жылы Қазақ тарихының бір қазынасы ретінде Орта Азияның таңбалы тастарын зерттеумақсатында, алғаш методологиялық негіздерін және олардың жағдайларын анықтайды.Жіберілген тастардың біреуінде қос өркешті туйенің бейнесі болған, осы үйжануарлары аяқтарының бір сызықпен байланысып жатқан бейнелері бойынша,таңбаларда б.з.д.екінші-бірінші мыңжылдық көрсетілген.
1930-жылдардың аяғында академикҚ.И.Сәтбаев, ал 1947-1948-жылдары бұлжерде Ә.Х.Марғұлан бастаған Қазақстан ғылым академиясының археологиялық зерттеужұмыстары жүргізілді.
1983-1991- жылдары мемлекеттікпаспортизация бағдарламасы аясында белгілі Қазақстандық археологВ.А.Новоженовтың бастауымен, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті өзенбойына кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізді. В.А.Новоженов осы зерттеулердің кейбір жауаптарын 1989 жылы өзі жасаған.Бұл зерттеу жұмыстарының алғашқы жылдары тастағы бейнелердің біразыЛақпай-Ақжар қыстақтарының жанынан, ал соңғы жылдары Байқоңыр ауылынан жәнемаңындағы Сарысай қыстағынан табылып, зерттелінді.
Жалпы тастағы бейнелер өзеннің екі жақжағалауында да жартастарда топтарымен жиналған. Тастағы петроглифтер жалпақтастар бетіне салынған, су бетінен 2-4 метр биіктікте және біреулеріоңтустік-шығысқа беттелсе, басқалары солтустікке беттеліп орналасқан. Көптегенсурет салуға ыңғайлы жалпақ тастар пайдаланылмаған. Бұзылған, жарылған бейнесуреттердің көп жерлерде көшірмелері кездеседі. В.А.Новоженовтың айтуынша,таңбаларды көшіру әдісі жалпақ тастардың жағдайы мен бейнелеу техникасынабайланысты болған. Көп жағдайларда петроглифтерді онша тереңдеу етпейқашап, фигуралардың өте ұсақ турлерінедейін, кей жерлерде сызық бойымен жіңішке құралмен ойып салған. Жартастардағықашалған бейнелерді маңайында өсіп жатқан өсімдіктер және тасқа біткен хыналарайқын көрсетіп жатыр. Сол таңбаларға жақсылап үңілсек, осы жердің көнезамандардағы көріністері көріне бастады. Бір жағында еліктің, адамның, садақтыңбейнелері болса, екінші жағында бұғылар, аттар бейнеленген. Кей жерлеріндетіпті жүгіріп бара жатқан қасқыр, адаммінген аттар, ал артында тізілген түйелерді байқауға болады.
Ертедегі көшпенділер заманында ежелгітайпалардың мифологиялық сюжеттері мен аңыз әңгімелерінің негізінде салынғанкөп пішінді композициялар, жартастарға сурет салу өнері орта ғасырлардабұрыннан қалыптасқан дәстүр десе де болады. Бұрынғы суретші шеберлердіңтуындыларында жанды қимыл үстіндегі жануарлар, аңшылық көріністері, батырлардыңжануарлармен арпалысы өте қызықты көрінеді. Тағы да осы сюжеттердекөшпенділердің діни сенімдері мен олардың өміріндегі әдет-ғұрыптық сахналарынкөруге болады. Көшпенділерге тән ширақтық пен үздіксіз қозғалыс атпен тығызбайланыста. Ер қанаты-ат демекші, ат- адам өмірінде ерекше орын алатын серігі,-десек артық болмас.
Академик Әлкей Хақанұлы Марғұланшығармаларының 3,4- томдарында: «Көне заман суретшілерінің ашық аспан астындагалереялар жасауы таңқаларлық жағдай. Қазақстанның тасқа салынған гравюралары,ата-бабамыздың бізге қалдырған ұлы мұрасы-көне заман жайында дерек беретіндаусыз жәдігер »-деп жазса, тағы бір жерінде Сарыарқа петроглифтерініңішіндегі, әсіресе Байқоңыр өзені бойындағы тік жартастардағы таңбаларға ерекшетоқталып, оған таң қалатындығын жасырмай,: «Ертедегі шеберлер қос өркештітүйенің тәкаппар келбетін, тұлпарлардың сымдай сымбатын, бұғы мен киіктіңәсемдігін, барыстың серіппеше атылуға әзір тұлғасын көрсете алған»-деп ғажапжазып көрсеткен.
Сонымен, бейнеленген суреттерге қарап,өткен замандарда түйемен жүрген керуеннің, әртүрлі аң түрлерін, садақты көріп,аңшылықтың болғанын және басқа да өнер туындыларын байқаймыз.
Жалпы тастардың беттері жалпақ. әрітегіс, сондықтан ондағы қашалып жасалған бейнелер күннің көзіне шағылысып айқынкөрінеді, сондай-ақ бұл сюжеттер әртүрлілігімен және композиция құрылымымен ерекшеленіп тұрады.
В.А.Новоженовтың 1983-1991 жылдардағыкешенді зерттеулері Тасөткел, Зыңғыртау петроглифтеріне де жүргізілген.Амангелді ауылынан солтүстік-батысқа қарай 25 шақырым, Тамды өзені арқылыТасөткелден оңтүстік-шығысқа қарай 300 метр жерде орналасқан петроглифтер өзенжағалауында қара-қоңыр түсті биік жартастарда көлемі 3,7х2,1м, тік бұрыштыжалпақ тастарда салынған. Кейбір бейнелер қазіргі адамдардың белгі салусалдарынан зардап шеккен. Ондағы бейнелер: аңдар, белгісіз фигуралар,эротикалық сахналар, жылан, түйе, ұшып бара жатқан құс, ат және т.б..
Ұлытаудан 15 шақырым жерде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқақарай орналасқан Зыңғыртау ескерткішінің де орташа көлемі 0,4х2м кішірекболғанымен, бұл тау атына сай, ерекше зыңғырлаған қоңырау үнін беріп тұратынтау. Тастардың үнін ұрып көру арқылы сезуге болады. Сонымен қатар таудың 13тасында: қолдары ажырап тұрған адам, екі тау теке, қабан, атты адам, қасқыр,өгіз, адам мен түйе, жылан т.б.таңбалы бейнелер бар. Фигуралар дәл қашалыпжасалған, бірақ табиғаттың жайсыздығынан, қар мен жаңбыр суларынан зардапшеккен бейнесуреттер қазір көмек қолын сұрап тұр.
Мәдени мұралар адамзаттың ғасырлар бойы жинаған рухани байлығы, тарихы,шежіресі десек, біздің тарихи-мәдени мұрамыздың тамыры тереңде жатыр. Ол ұлттықболмысымызда, салт-дәстүрімізде айқын көрініс тапқан. Ұлттық менталитетті,ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, руханиматериалдық байлықты, жалпы ата-баба мұраларын келешек ұрпаққа дәріптеу —
біздің басты мақсатымыз. Құнды мұраларымызды сақтап, оның өміршеңдігінқадағалау әрқайсымыздың да ұрпақ алдындағы борышымыз.
Осындай кең байтақ жеріміздің әр тасындаата-бабаларымыздың қалдырған іздері ұрпақтан-ұрпаққа тарих болып қала берерісөзсіз.
Баян Шайгөзова, «Ұлытау» қорық — мұражайының
қызметкері.