ХҚО-лар карантин кезінде жұмысын жалғастырады
ХҚО-ның жабылуы туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты, қызмет алуға жүгінетін азаматтардың саны күрт өсті.
Азаматтарды дүрбелеңге берілмеуге шақырамыз. Ведомствоаралық комиссияның шешімімен ХҚО-лар шектеу шаралары енгізілгеннен кейін де санитарлық және дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, өз жұмысын жалғастырады.Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қорғаныс шаралары қабылданып, фронт-офис ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмауға бағытталған жұмыстар қолға алынған.Бүгінде Қарағанды облысында Қарағанды. Балқаш, Жезқазған, және Теміртау қаласы ХҚО-ларында қызметтерді тек алдын ала брон жасау арқылы ғана алуға болады. Мұны egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы жасауға болады.Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталында қолжетімсіз, тек «қағаз» қызметтер (100-ден астам қызмет) көрсетіледі.Мұның бәрі азаматтардың көптеп жиналуын болдырмауға және вирус жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған.