ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРҚЫРАҒАН ЖАННҰР
Ақ Орда. Еліміздің ең басты еңселі төрі. Оның босағасынан аттап, төріне өтпек түгілі, маңайына жақын барып, суретке түсудің өзі екінің біріне бұйыра бермейтін бақ.Жаннұр Төлендіқызы Тілемісова — Ұлытау облыстық «SARYARQA» газетінің бас редакторы. Жас журналист. Бірақ, оқырманы жазғанын жазбай танитын танымал тілші. Ал, газет басшысы ретіндегі ұжымды ұйымдастыруы, уақыт талабына, оқырман талғамына сай тақырыптарды қаузауға түрткі болып отыратыны айтпаса да түсінікті.Олеңбек жолын Ұлытау аудандық «Ұлытау өңірі» газетінде қатардағы тілші болып бастады. Университет қабырғасынан енді ғана түлеп ұшқан жас тілші жылдар өте келе Ұлытау облысының бас газетіне басшылық жасаймын деп ойлады дейсіз бе? Бәрі де тынымсыз еңбектің, көптің тілін, істің көзін таба білетін ілкімділігінің арқасы.Журналистердің төл мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ Орда төрінде БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады. Президент қолынан марапат алу құрметіне бөленген бақытты жандардың бірі Жаннұр болды. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Міне, осыдан соң, «Жұлдызы жарқыраған Жаннұр» демегенде, не дейміз?Әріптесіміз Жаннұр Төлендіқызын мәртебелі марапатымен құттықтаймыз! Жаннұрға жаңа шығармашылық табыстар тілейміз! «Аймақ ақшамы» ұжымы