БАЛАЛАРҒА – БАЗАРЛЫҚ
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Ұлытау ауылында балалар ойын алаңы ел игілігіне ұсынылды. Аталған нысанаудандық бюджет есебінен салынды. Бұл бастама ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымынжақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Шараға ауданәкімі Аманжол Мырзабеков, аудандық мәслихаттың төрағасы Ахат Құрмансейітовқатысты. Еңбек ардагері Қияқбай Сарсенов пен Ғазиз Абитов сөз сөйлеп, елигілігі жолындағы бастамаларға ризашылығын білдірді. Нысанның лентасын қиып,балаларға ақ батасын берді.
Жаңа нысандарбалалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, ауыл жастарының салауатты өмір салтынұстануына зор мүмкіндік берері сөзсіз.
Мереке қарсаңында Шеңбер ауылында да балалар ойын алаңыпайдалануға берілді. Сондай-ақ, маусым айының соңына дейін аудан орталығындатағы да жаңа балалар ойын алаңы бой көтеретін болады. Ол үшін арнайы орынқарастырылып, құжаттары заңдастырылуда