Ұлытаулық үш студент – «Үздік 100 студент» қатарында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №1134 қаулысымен бекітілген «Жұмысшы мамандықтар жылын өткізужөніндегі іс-шаралар жоспарының» 61-тармағына сәйкес, «Talap» коммерциялық емесакционерлік қоғамының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы колледждерініңүздік 100 студенті» республикалық конкурсы өткізілді.
Аталған конкурсқа облыс колледждерінен 26 үздік студентқатысып, оның ішінен 10 студент республикалық кезеңге жолдама алды.Нәтижесінде, үш ұлытаулық жас жеңімпаз атанып, Қазақстан РеспубликасыОқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесіп, Астана қаласында салтанаттытүрде марапатталды.
Ұлытау өңірінің жеңімпаздары:
1. Бейсен Ақдидар Жайыққызы – Жезқазған гуманитарлық колледжінің4 курс студенті, «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығыбойынша білім алуда. Ол – Пионер ауылының тумасы, жастар арасындағы көшбасшы,колледждегі «Жігер» Студенттік Парламентінің президенті және Жезқазған қалалық«Жастар Рухы» жастар қанаты бөлімшесінің төрағасы. Ақдидар – қоғамдық істердебелсенділік танытып, жас буынның дамуына үлес қосып жүрген үмітті жас.
2. Алтау Еркеназ Бауыржанқызы – Жезқазғаниндустриалдық-гуманитарлық колледжінің 4 курс студенті, «Дене тәрбиесі және спорт»мамандығы бойынша білім алуда. Еркеназ – дене шынықтыру саласының болашақбілікті маманы, тәжірибесі мен теориясын ұштастыра білген мақсаткер жас. ОлМемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы жастар жылы аясындабелсенділік танытып, ұстаздық мамандықтың абыройын арттыруға үлес қосып келеді.
3. Мерхан Нұрболған Құдайбергенұлы – Жезқазған Бизнес жәнекөлік колледжінің 4 курс студенті. «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігібойынша WorldSkills чемпионаттарының облыстық, аймақтық және республикалықкезеңдерінің жүлдегері. Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі «Жұмысшымамандықтар қаласы» фестиваліне қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевпен және Оқу-ағарту министрімен кездесу мүмкіндігіне ие болды.
Ұлытау облысының бұл үш мақтанышы – еңбекқорлық пентабандылықтың жарқын үлгісі. Біз жасбуынның жетістіктерімен мақтанамыз және олардың кәсіби жолында табыс тілейміз!