Үкімет пен бизнес арасындағы диалог
Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев пен Ұлытауоблысынын кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова және қаланың бизнес қауымдастығыарасында кездесу өтті.
Кездесу барысында кәсіпкерлер бизнесті дамыту, қаржыинституттарынан субсидия алу, жас кәсіпкерлер мен әйелдер бизнесін қолдау сынды бірқатар өзекті мәселелердіортаға салды.Жезқазған қаласындағы Ұлытау өңірініңКәсіпкерлер палатасының тегін оқытудың оң тәжірибесіатап өтіліп, Сәтбаев қаласында да осындай курстардыұйымдастыруға кәсіпкерлерден ұсыныс жасалды. КездесуСәтбаев қаласының билігі мен бизнес қауымдастығыарасындағы диалогтың маңызды қадамы болды. Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының жұмыс тобыСәтбаев қаласындағы инвестициялық жобалармен танысты. Жұмысшы топ «Сәтбаев минералды және жеміс-жидексулары зауытына» және қала тұрғындарына арналғанспорттық ангар құрылысын (жоба жетекшісі – ИП Бегенов) аралады. Кездесу барысында «Ұлытау» минералды су зауытыныңдиректоры Лариса Булавская зауыттың қазіргі жағдайы мен болашақ жоспарларына тоқталып, өнім өткізу нарығынкеңейту және өндірісті ұлғайту үшін қосымшақаржыландыру (қаржы институттарынан субсидия алу) қажеттігін атап өтті.Жеке кәсіпкер Бауржан Бегенов салынып жатқан спорт нысанына су бұру және газ тарту мәселесін көтерді. Жергілікті билік тарапынан кәсіпкерлерге белсендірекқолдау көрсету қажет екені айтылды.