shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Ұлытау облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 200-ден аса іс-шара өтуде

Ұлытау облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 200-ден аса іс-шара өтуде

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуде. Бұл — тарихымызға тағзым, ерлікпен елдікке құрмет білдіретін маңызды кезең. Аталған мерейтой аясында Ұлытау облысындаоблыс әкімі Дастан Адайұлы Рыспеков бекіткен кешенді жоспар әзірленіп, жүзеге  асырылуда.

Мерейтойлық іс-шаралар «Ұлы Жеңіс:Ерлікке – тағзым, ұрпаққа –  үлгі» атауымен іске асуда. Жоспар 48тармақтан тұрып, 200-ден астам ұйымдастырушылық, патриоттық, мәдени, әлеуметтікжәне ақпараттық бағыттағы іс-шараларды қамтиды.

Басты бағыттар: ұйымдастыру-дайындық жұмыстары, 7–9 мамыр аралығындағымерекелік іс-шаралар, әскери-патриоттық акциялар, мәдени және спорттықбағдарламалар, ғылыми-танымдық жобалар мен ақпараттық-имидждік жұмыс.

Бүгінде облыс бойынша 394 тылеңбеккері бар. Олардың арасында Жезқазғанда – 178, Сәтбаевта – 145, Қаражалда –16, Жаңаарқада – 33, Ұлытауда – 22 адам тұрады. Ардагерлер мен тылеңбеккерлерін қолдау – басты назарда. Біржолғы әлеуметтік көмек ретінде тылеңбеккерлеріне – 100 000 теңге (394 адам), жасы кәмелетке толмаған бұрынғытұтқындарға – 100 000 теңге (3 адам), соғыста қаза тапқан жауынгерлердің  жесірлеріне – 50 000 теңге (22 адам) беріледі.

Жыл бойы ардагерлерге медициналық тексерулер,үй жағдайында емдеу, дәрі-дәрмекпен қамту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ,азық-түлік себеттері үлестіріліп, патронаттық жұмыстар қолға алынған.

Мерейтой аясында «Ардағым –ардагерім», «Менің атам – жауынгер» сынды челлендждер ұйымдастырылып, 1000-нанастам жас атсалысуда. Алғаш рет «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жарысы өтуде.Оған облыстағы мектептер мен колледждер белсене қатысуда. Сонымен қатар, 800жас сарбазды әскерге шығарып салу рәсімі де Жеңіс мерейтойына арналмақ.

Облыстың барлық мәдениетмекемелерінде ардагерлерге тағзым ету, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берумақсатында жүздеген іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Мәңгілік ұлықталарҰлы Жеңіс!» атты фотоқұжат көрмесі, «Ғибратты ғұмыр» еске алу кеші, «Ерліккеөрілген өмір» тағзым кештері, «Ер есімі – ел есінде» музейлік акциясы жәнеоқушылар арасында драма фестивалі өтті.

Жезді музейінде «Ұлы Жеңіске – 80жыл» тақырыбында көрмелер, «Менің атам – майдангер» атты онлайн бейнежобалар,«Біздің батыр жерлестер» көрмесі және облыстық әмбебап кітапханада тағзымкештері ұйымдастырылды.

«Жас сарбаз» жарысынан бөлек,«БиАрт» ұлттық би фестивалі, әжелер ансамблінің байқауы, патриоттық әндербайқауы, «Жаралы гүлдер» спектаклі, мүшәйралар мен театрландырылған қойылымдаркөрермен назарына ұсынылды. Жастар арасында патриоттық бағыттағы флешмобтар менчеллендждер де әлеуметтік желілерде кеңінен таралуда.

6–9 мамыр аралығында облыста негізгі  мерекелік шаралар өтеді. 9 мамырда облыс орталығында «Мәңгілік алау» жанындажылжымалы көрме, «Жеңіс жалауын желбіретіп…» театрландырылған қойылым,«Журавли» әніне хореографиялық композиция, гүл шоқтарын қою рәсімі, далалықасхана, мерекелік концерт және отшашу ұйымдастырылады. Барлық ардагерлерге «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы» мерейтойлық медальдары табысталады. Сонымен қатар, 7 мамырда өтетін республикалық парадқа Ұлытау облысынан тыл еңбеккерлері, Ауған соғысы және Чернобыль апатына қатысушылардан құралған делегация аттанады.

Жеңіс ескерткіштері менмемориалдарға жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. «Таңбалы тас»саябағындағы монумент, Жезді, Қарсақпай, Сарысу елді мекендері мен Жезқазғанжәне Сәтбаев қалаларындағы ескерткіштер жаңартылуда.

Облыс аумағында 50-ден астам баннер  орнатылып, 30-ға жуығы ілінді. Жергілікті арналарда 50-ден астам бейнеролик пенарнайы хабарлар көрсетілді. «Ұлытау ТВ» мен «Ақшам ТВ» арналары 20-дан астамарнайы бағдарлама әзірледі.

15:35